Пробация қызметінің алгоритмі түсіндірілді

7
0

Жуырда Қармақшы ауданы Жосалы кенті әкімшілігінің мәжіліс залында Қызылорда облысы полиция департаменті ЖПҚ-ы басқармасының учаскелік полиция кызметін ұйымдастыру тобының инспекторы полиция капитаны С. Куздикенов пен Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының шетел жұмыс күшін тарту бөлімінің бас маманы А.Мырзабектың ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге аудандық жұмыспен қамту бөлімі, мансап орталығы, медицина, полиция және пробация қызметінің мамандары қатысты.

Кездесудің басты мақсаты –  пробация қызметінің және полицияның жергілікті атқарушы органдармен бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған сотталғандарды қайта әлеуметтендіру, сондай-ақ,  полицияның есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік құқықтық көмек көрсету жөніндегі өзара іс-қимыл жасау тетіктерінің алгоритмін таныстыру, кеңінен талқылау. Оған қоса, аталған органдар ағымдағы жылдың 1-тоқсанында атқарылған жұмыстарға тоқталып, алда атқарылар жұмыстарға бағыт-бағдар берді.


Жақсыбек Жүнісов,

 Қармақшы аудандық пробация қызметінің аға инспекторы.


Сурет автордан


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: