Қызылордада полиция қызметкерлері қан тапсырды

5
0

Қызылордалық полицейлер жылдағы дәстүр бойынша «Донор бол – өмір сыйла!» акциясына қатысып, азаматтардың өмірі мен денсаулығын құтқару үшін қан тапсырып, донор болды

Осылайша  Қызылорда облысы Полиция департаментінің Тәрбие және кадр жұмысы басқармасы бастығының орынбасары полиция майоры Асқар Балқожаев бастаған қызметкерлер тобы жанашырлығы мен мейірімділігін көрсетті.

«Донор боламын деушілер жыл сайын көбейіп келеді. Донорлық қанды қажет ететін адамдардың өмірін құтқару мақсатында бүгін өзімнен бастап қызметкерлеріміз таң атысымен қан тапсыру үшін кезекке тұрды. Мұқтаждарға көмек қолын созу мақсатында Жедел қимылдайтын арнайы жасақтың 100-ден астам қызметкерлері донор болды. Дәрігердің жіті тексеруінен өткен қызметкерлеріміз ғана донор атанды. Қызметкерлер өзгенің өмірін сақтап қалуға көмектесуді азаматтық борышы санайды» –дейді Асқар Балқожаев. 

Дәрігерлер полицейлердің мінсіз донор екендігін атап өтті. Себебі олар денсаулығына жіті көңіл бөліп, тұрақты медициналық тексерулерден өтіп тұрады.

Кеудесінде жұдырықтай жүрегі бар кез – келген адам көмек көрсетуге асығады. Адам өміріне араша түсем деуші полицейлер алдағы уақытта да қан тапсырып, көмек қолын созбақ.

Сурет ашық дереккөзден алынды.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: