«Армандар орындалады»

7
0

 Шиелі ауданы прокуратурасының бастамасымен Жастар ресурстық орталығында Шиелі кентінде орналасқан мектептердің 10-11 сынып оқушыларының қатысуымен «Армандар орындалады» тақырыбында кездесу өтті. 

Кездесуге Шиелі ауданы прокурорының орынбасары Е.Алтынбай, білім бөлімінің бас маманы Т. Бөпежанов, Жастар ресурстық орталығының директоры Е.Әбдеш, қазақ күресінен әлем чемпионы Б.Төлепов, белбеу күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Р. Рантаев қатысты. 

Кездесу барысында жасөспірімдер арасында жиі орын алатын қылмыс пен құқық бұзушылық, ерте жүктілік, зорлық-зомбылық құрбандарын болдырмау мақсатында және балалардың құқықтарының сақталуы мен қорғалуын арттыру бағытындағы жұмыстарды бірлесе атқару сөз болды.

Сондай-ақ, кездесудің қонақтары Е.Алтынбай, Т. Бөпежанов, Е.Әбдеш, спорт шеберлері Б.Төлепов пен Р. Рантаевтар оқу-білім, ізденіс жайлы, спорт саласында тек тиянақты дайындықтың арқасында өздерінің өмірлік тәжірибесі мен жетістікке қол жеткізуге болатынын түсіндірсе, спорт шеберлері оқушыларға өздерінің өмірлік тәжірибесі мен жетістікке қол жеткізу жолдарын айтып берді. Аталған жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Сурет ашық дереккөзден алынды.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: