Қызылорда облысы Қазалы ауданының тұрғынынан тіркелмеген қару тәркіленді.
Ақпан айының 15-і күні Қазалы ауданы полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы бекітілген әкімшілік аймақтарды аралау нәтижесінде аудан тұрғынынан ІІО тіркелмеген 1 қос ауызды, 16 калибрлі аңшы мылтығы алынды.
Анықталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 482-бабының 1-бөлігімен құжаттар жинақталуда.
Аудандық полиция бөлімінің хабарлауынша, алдағы уақытта бұл жұмыстар жалғасын табатын болады.