«Квадрат» жедел- профилактикалық іс-шарасы

4
0


Қызылорда қалалық Полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі  Айдар Қасановтың бұйрығымен полиция қызметкерлері  № 5 УПИ-ның ауқымды әкімшілік аумағында «Квадрат» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.

    Профилактикалық іс-шараның мақсаты - құқық бұзушылықтардың алдын-алу, патрульдеуді жүзеге асыру, профилактикалық есепте тұрған тұлғаларды, қару иелерін тексеру, тұрғындарға, шағын және орта бизнес иелеріне учаскелік инспекторларын таныстыру, заңмен белгіленбеген уақытта алкоголь өнімін сатқаны үшін әкімшілік жауапкершілік көрсетілетінін ескерту, сондай-ақ, кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы қылмыстарды болдырмау.

    Тұрғындардың мекен-жайларын аралау кезінде осы әкімшілік аймаққа жауапты учаскелік полиция инспекторларының аты-жөндері, қызметтік және ұялы байланыс телефондары көрсетілген визиткалар таратылды.

     Аумақта 38 726 тұрғын тұрады. Сонымен қатар, профилактикалық және тізімдік есепте тұрған 196 адамның 36-мекенжай бойынша тексерілді. Олармен профилактикалық әңгімелер жүргізілді.    

     Тұрғылықты жері бойынша азаматтық қарудың 138  иесінің 54 -тексерілді.

     Атқарылған жұмыс барысында 34 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталып, оларға қатысты

ҚР ӘҚБтК-нің 593 бабы бойынша (Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) 2 дерегі,  ҚР ӘҚБтК-нің 601 бабы бойынша (Жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегiтаңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамау ), ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша (Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) 11 дерегі, ҚР ӘҚБтК-нің 434-2 бабы бойынша (Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау) 2 дерегі анықталып және       ҚР ӘҚБтК-нің 492 бабымен  (ҚР тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру) 2 құқық бұзушыға қатысты әкімшілік шара көрілді. 

    Іс-шара барысында кәмелетке толмағандарға қарсы жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында ата-аналарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар қала тұрғындарын ұрлықтың алдын алуға байланысты өздерінің мүліктерін (велосипед, скутер, коляска т.б) қараусыз қалдырмауларын, темір есік, тор, дабыл белгісі мен бейнекамера орнату жөнінде түсіндірілді. Бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын таба бермек.

Сурет ашық дереккөзден алынды.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: