Қызылордада терегушілер слеті өтті

8
0

 

Қызылорда қаласында облыстық прокуратураның үйлестірумен «Тергеушілер слеті» өтті. 

Слетқа тергеу және анықтау саласының жас мамандары, сот, адвокатура, кәсіби сарапшылар, күштік құрылым басшылары, сала ардагерлері мен ғалымдар қатысты. 

Басқосуды облыс прокуроры Ризабек Ожаров ашып, қылмыстық істерді тергеудің жүйелі проблемалық мәселелеріне тоқталды және оларды тиімді шешу жолдарын ұсынды. Жиында қылмыстық іс жүргізу мен сот тергеуі кезіндегі кейбір кемшіліктер туралы сөз қозғалды. Ал, баяндамашылар тергеу кезіндегі орын алатын проблемалық мәселелердің оңтайлы шешу жолын жеткізді. Сондай-ақ спикерлерлер тиімді тергеу тәжірібиесін қалыптастыру бағытында өз ойларын ортаға салды. Тергеу саласының мамандары мен ардагерлері қызметтегі озық тәжірибелерімен бөлісіп, жас буынға ақыл кеңестерін айтты. 

Бірінші кезең қатысушылардың пікірлерін ашық айтып, қызу талқылауымен және әділетті әрі тиімді тергеу тәжірибесін қалыптастыру туралы ортақ шешімге келуімен аяқталды. 

Слеттің екінші кезеңі Қызылорда облыстық полиция департаментінің арнайы жаттығу алаңында жалғасты. Онда білікті тергеушілер жас мамандарға кісі өлтіру, пәтер ұрлығы және жол көлік оқиғасы қылмыстары бойынша оқиға орнына қарап-тексеруден шеберлік сабағын өткізді. 

Слет нәтижесімен қызметте елеулі жетістіктерге қол жеткізген тергеушілер мен осы салаға қатысты мамандар облыс прокурорының «Алғыс хатымен» марапатталды.

Жиын қортындысында семинарға қатысушылар «Тергеушілер слётін» жыл сайын тергеушілер күні қарсаңында, яғни 6 сәуірде дәстүрлі түрде өткізуге уағдаласты.

Сурет Қызылорда облыстық прокуратурасынан


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: