Қызылордалық полицейлер демалыс күндері күшейтілген тәртіпте жұмыс істеді

1
0

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының  қызметкерлері демалыс күндері күшейтілген тәртіпте жұмыс істеді.

Нәтижесінде барлығы 1615 құқық бұзушылық анықталған. Оның ішінде жол қозғалысы  бойынша 1451, қоғамдық қауіпсіздік бойынша 164 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Жалпы, бір апталық рейдтік іс шара барысында 856 хабарлама тіркелген.

Жол қозғалысы  1451 хаттама толтырылып, 168 автокөлік айып алаңына қойылған. Оның ішінде алкогольді масаң күйінде - 8, көлік құралын басқару құқығынан айырылған - 23, басқару құқығы жоқ адамдардың көлік құралын басқарған –8 құқық бұзушылықтар анықталған.

Қоғамдық қауіпсіздікке қатысты 164 хаттама толтырылды. Оның ішінде алкоголь өнімін белгіленбеген уақытта сатқан 2 дүкен сатушысына ҚР ӘҚБтК – нің 200 бабымен шара көрілді. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта жүргені үшін 43 ата -анаға ҚР ӘҚБтК - нің 442 бабымен 2 бөлігімен шара көрілді.

Беймезгіл уақытта жүретін жасөспірімдерге бақылау күшейтілді. Қызылорда қаласы әкімдігі жанынан құрылған жедел топ жастар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықты алдын алу мақсатында кезекті рейд жұмыстарын жүргізді.

Жедел топ аралау барысында қаладағы бірнеше мөлтек аудандар мен ойын-сауық орындарын қамтып, сол жағалау тұрғын ауданында заңды өкілінің қарауынсыз жүрген кәмелет жасына толмаған 1 жасөспірімді анықтады.

Айта кету керек, жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алуға бағытталған шаралардың нәтижесінде түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және көшеде жүретін жасөспірімдердің саны азайған. 

Жалпы, жасөспірімдердің түнгі 22:00-ден таңғы 6:00-ге дейін ойын-сауық мекемелерінде болуына, 23:00-ден 6:00-ге дейін көшеде жүруіне тыйым салынады. Сондықтан полиция қызметкерлері барша ата-аналардан балаларды беймезгіл уақытта қараусыз қалдырмауды сұрайды.


Сурет ашық дереккөзден алынды.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: