Мереке күндері 646 құқық бұзушылық анықталды

1
0


Қызылорда қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері жол-көлік апаттарының алдын-алу мен жолда жүру ережелерін өрескел бұзушыларды анықтау мақсатында тұрақты түрде рейдтік іс-шараларды өткізіп келеді.

Осындай рейдтерге күн-түн демей шыққан патрульдік полиция қызметкерлері мереке күндері  барлығы 646 құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде жол қозғалысы саласы бойынша 521, қоғамдық қауіпсіздік бойынша 125 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Ал, мас күйінде автокөлік тізгіндеген 3 жүргізуші  ұсталған. 

Мәселен, 7 мамыр күні сағат түнгі  03:20 шамасында А.Тоқмағанбетов көшесі мен Қазыбек би көшесінің бойында «Hyundai Elantra» автокөлігін тоқтатып тексеру барысында, жеке басын анықтау кезінде 40 жастағы азаматшаның алкогольді спирт ішімдігін ішкені анықталды. Құқық бұзушының наркологиялық сараптама нәтижесінде  оның, жеңіл дәрежелі масаң күйде болғандығы расталған.

Тәртіп бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 6-бөлігі (Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, көлік құралдарын басқару құқығы жоқ адамдар жасаған әрекеттер –жиырма тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келеді) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, автокөлігі айып алаңына қойылды. 

Жол-көлік оқиғасының алдын алу және болдырмау шараларын күшейту мақсатында полиция қызметкерлері қала тұрғындарын жолдағы  ерекше жауапкершілік туралы ескертеді.

Сурет ашық дереккөзден алынды.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: