Қызылорда қаласы Полиция басқармасының тәртіп сақшылары қоғамдық орындарда, көшелерде жасалатын қылмыстардың алдын-алу мақсатында рейдтік іс-шараларды тұрақты түрде өткізіп келеді.
Жедел басқару орталығының бейнекамералары арқылы және патрульдік полиция батальон қызметкерлері жыл басынан бері қоғамдық орында алкогольдік ішімдік ішіп жүрген 827 тұрғынды анықтап, әкімішілік жауапкершілікке тартты.
Құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтҚ-нің 440-бабы (Алкогольдік ішімдік ішу немесе қоғамдық орындарда масаң күйде жүрген) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Өз кезегінде, Қызылордалық полицейлер арнайы орындардан тыс жерде ішімдік ішуге және масаң күйде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiне және қоршаған орта тыныштығына нұқсан келтіретін әрекетке жол беруге болмайтынын ескертеді.
Сурет ашық дереккөзден алынды
Copyright © 2022. «Insight-EL» ақпарат агенттігі. Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.
Есепке қою туралы куәлік: № KZ53VPY00061737, 23.12.2022
Сайт жобасын дайындаған «ToWeb.kz» компаниясы. Сайтқа тапсырыс беру