Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

10
0


Қазақстан Республикасының  сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының  2022-2026 жылдарға арналған  тұжырымдамасына сәйкес әскерилердің құқықтық сауаттылығы мен мәдениетін нығайту  мақсатында  Қазалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскери қызметшілері мен азаматтық персоналдарының  қатысуымен конференция өтті.

  Жиында сыбайлас жемқорлық деректерінің алдын алу және  мүлде болдырмау үшін ҚР Қылмыстық кодексіндегі және әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар  үшін  әкімшілік жауаптылық пен жаза, ҚР Әкімшілік  құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген талаптар түсіндіріліп, жан-жақты мәлімет берілді.

Сыбайлас  жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясаттың тиімділігін  арттыруға бағытталған мұндай іс-шаралар өз ісімізге адал болуды, мемлекет сеніп тапсырған қызметке кір келтірмеуді және  құқық бұзушылықтарды болдырмауға бағытталған. 


А. Жақыпова,

Қызылорда гарнизонына қызмет

  көрсету жөніндегі әскери  полиция 

бөлімшесінің әкімшілік тәжірибе 

офицері, әділет аға лейтенанты.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: