Қызылордада бала құқықтары жөніндегі уәкіл тағайындалды

234
1


Қызылорда облыстық бала құқықтары жөніндегі уәкіл болып Маржан Қылышбайқызы Бисенова тағайындалды. 

Маржан Қылышбайқызы – 1981 жылы 21 мамырда Қызылорда облысында дүниеге келген. Білімі жоғары, Қазақ мемлекеттік заң университетінде «Құқықтану» мамандығын, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті магистратурасын тәмамдаған. 2010 жылы «Қылмыстық құқық және қылмыстық атқару» мамандығы бойынша заң ғылымдарының кандидаттығын қорғаған.

Еңбек жолын 2002 жылы Қызылорда қаласы прокурорының көмекшісі болып бастап, сол қызметті 2021 жылға дейін атқарған. 2012-2014 жылдары Сот актілерін тағайындау комитетінде жалғастырған. 2015 жылдан 2018 жылға дейін «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институты «Гуманитарлық-педагогикалық және құқықтық пәндер» кафедрасының меңгерушісі,

2018 жылдан қазіргі уақытқа дейін Қызылорда жоғары көпсалалы колледжі директорының оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарып келеді. 

Сонымен қатар, Қызылорда қалалық мәслихатының VIII шақырылымының депутаты, «Күміс алқа» иегері.

Құқықтық сауаттылық, педагогика саласында, балалармен тығыз жұмыс жасау, тәрбие беру бағытында және қоғамдық қызмет саласында тәжірибесі мол маман бала құқықтары жөніндегі уәкіл баланың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы туралы өтініштерді, жергілікті атқарушы органдардың және өзге де ұйымдардың әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне қатысты шағымдарды қарайтын болады. Сондай-ақ, балаларды қорғау саласындағы мәселелерді шешуге арналған заң жобаларын ілгерілетуге қатысады.

Уәкіл қоғамдық негізде жұмыс жасайды. Кез-келген ата-ана немесе азаматтар балаларының құқықтары мен мүдделері бұзылған жағдайда өңірлік уәкілдің көмегіне жүгіне алады.

Сурет Білім басқармасынан алынды


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *:

  1. Мадина
    7 қазан 2025 03:56
    Өтініш

    Менім қызым сыныптас қызымен сыбырлап сөйлескен. Кластас қызы күлме сөйлеме деп айтқан. Мұгалім сабақ өтуде. Сыбырлап сөйлескенін мұғаліміде естімеген. Замечаниені мұғалім емес сыныптасы айтқан. Менім қызым жоқ деп жауап берген. Қайта айтқан менім қызым баланат сөз айтқан. Ол қыз сен сенің әкең жоқ бар мамаңа шағымдан деген. Қызым сөзін көтере алмай қол көтерген. Мектепке екі жақ тараптың ата анасын шақырғанда әкең жоқ деген щыздың анасы ОСЫНДАЙ ӘКЕСІЗ ӨСКЕН БАЛДАР боқтайды деп қызымды кемсітіа дәрежесінзовуч класс жетекші қазақтілі пәнінің мұғалімінің көзінше төмендетті.
    Мен өз қызымның мінез-құлқына жауаптымын және егер ол дөрекі сөз қолданған болса, жауап беруге дайынмын. Алайда, мен өз баламды «әкесіз» деп кемсіткен сөздерді естіп, мұндай қарым-қатынасқа төзбеймін.

    Осы жағдайға байланысты түсіндіру және тәрбие жұмыстары жүргізіліп, тараптардың арасында мәселені әділ шешуді, сондай-ақ болашақта мұндай жағдайлардың қайталанбауын қамтамасыз етуді сұраймын. Тиісті ата ананың қызымнан кешірім сұрауын талап етемін.