Үш күнде 900-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

1
0


Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының тапсырмасына сәйкес облыс көлемінде көшелер мен қоғамдық орындарда тиісті тәртіпті сақтау мен қылмыстың алдын алу мақсатында 1 -10 маусым аралығында  «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.  

Іс-шараға департаменттің жеке құрамы жұмылдырылып, қызмет өткерудің күшейтілген нысанына көшірілді.

Үш күнде 900-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылық дерек анықталған. Оның ішінде мүлдем төзбеушілік принципі бойынша ұсақ бұзақылық , яғни ҚР ӘҚБтК-нің 434 бабы - 49, спирттік ішімдік ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келу (440 бабы) - 84, көлік құралын алкогольдік масаң күйінде басқарудың  7 жағдайы, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта жүруі, яғни 442-бабымен 134, түнгі тыныштықты бұзу бойынша (437-бабы)  62 дерек анықталған. Сонымен қатар ҚР тіркеусіз немесе жеке басты куәландыратын құжатсыз тұрудың  (492 бабы) 73 дерегі тіркелсе,  жалға берілетін 98 пәтер тексерілген.

Жалпы облыс көлемінде криминогендік ахуалды сейілту, құқық тәртібі мен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын кең көлемде жүргізу мен қылмыстың алдын алу, сондай-ақ, көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда қылмыстарды ескерту және жолын кесуге бағытталған мұндай жедел-профилактикалық іс-шараларды өткізу полиция департаменті тарапынан жүйелі жолға қойылған.

Сурет Полиция департаментінен


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: