Қызылорда қалалық Полиция басқармасының ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлері жасөсіпірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында күшейтілген режимде қызмет атқаруда.
Осы орайда, бір апталық рейдтік шаралар нәтижесінде 265 құқық бұзушылық анықталған.
Атап айтқанда, кәмелетке толмағандардың ойын-сауық орындарында және түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерде болуына жол бергені үшін 212 ата-анаға қатысты әкімшілік хаттама рәсімделген. Ал 22 ата - анаға қатысты ата-ананың немесе басқа да заңды өкілдерінің балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін әкімшілік шара көрілген.
Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол берген 1 кәсіпкерге әкімшілік шара көрілген.
Осы орайда полиция қызметкерлері ата аналарға түнгі уақытта балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат!
Сурет Қызылорда Полиция департаментінен