Пилоттық жоба талқыланды

3
0


Қызылорда облыстық сотында «Сот каникулы» пилоттық жобасын талқылауға арналған жиын өтті.

Жиынға азаматтық істер жөніндегі алқа төрағасының міндетін атқарушы С. Жуынтаева, Сот әкімшілігі Қызылорда облысы бойынша департамент  басшысы С. Сүлеймен, департамент басшысының орынбасары Е. Бөрібаев, облыстық сот судьялары, бөлім басшылары, пилоттық жобаға қатысатын соттардың судьялары мен жауапты мамандары қатысты. 

Басқосуды алқа төрағасының міндетін атқарушы С. Жуынтаева ашып, санаулы күндерден кейін Қызылорда соттарында пилоттық жоба жүзеге асырылатынын атап өтіп, жобаның маңыздылығына тоқталды. 

Пилоттық жоба бойынша судьялар мен сот қызметкерлері белгілі бір мерзімде бір уақытта демалысқа шығады. Олар болмаған кезде талап қоюларды қабылдау және бөлу, шұғыл іс жүргізу әрекеттерін қабылдаумен  кезекші судьялар айналысатын болады. 

Жиында пилоттық жобаны жүзеге асыру кезінде істердің қаралу мерзімін қатаң сақтау керектігі айтылды. 

Сот әкімшілігі Қызылорда облысы бойынша департамент басшысы С. Сүлеймен пилоттық жоба туралы өз пікірін білдірсе, басшы орынбасары Е. Бөрібаев оны жүзеге асыру кезінде істер мен талап қоюларды бөлу тәртібі туралы баяндама жасады. 

Пилоттық жоба арқылы азаматтар сот демалысының мерзімін алдын ала біле отырып, жазғы уақытта сотқа жүгіну мерзімін жоспарлай алады.

Жиында қатысушылар қанатқақты жобаны жүзеге асыру бойынша өз пікірлерін ортаға салды.

Сурет облыстық Соттан


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: