Қызылордада пробация есебіндегі жастар мәдени орындарға экскурсия жасады

0
0

 

Жалағаш ауданының қоғамдық даму бөлімінің тапсырысы аясында «Темірқазық» қоғамдық бірлестігі және аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен пробация есебінде тұрған жастар арасында мәдени орындарға саяхат ұйымдастырылды.

 Іс-шараның мақсаты – пробация есебінде тұрған азаматтардың бос уақыттарын тиімді пайдалану, киелі мекендермен таныстыра отырып, еліміздің бай мұрасын насихаттау.

Пробация есебінде тұрған жастар мәдени орындарды аралай отырып, саяхаттан ерекше әсер алып қайтты.

    Бұл саяхат біздің білімімізді арттырып ғана қоймай, рухани әлемімізге де мол қазына сыйлады. Тарихи мекендерге жасалған сапар басқа саяхаттарға қарағанда ерекше болады екен. Мұны жастарға керекті нағыз рухани байлық, ғибратты шара деп білеміз. Сол үшін осындай сапарлар жиі ұйымдстырылып тұрса деген тілегіміз бар, – дейді жастар.

Ұлттық мұраны дәріптеген тарихи-мәдени сапар алдағы уақытта да жалғасын тауып, тұрақты түрде жүргізілетін болады.

    Пробация есесбіндегі тұлғаларға спорттық, мәдени шаралар, құқықтық кеңестер жиі өткізіліп, түрлі кездесулер мен психологиялық тренингтер жүйелі түрде ұйымдастырылып келеді. Басты мақсатымыз – бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған әрбір сотталған адамға қоғамда өз орнын табуға көмектесу, оларға қоғамға тезірек бейімделуге мүмкіндік жасау. Бостандығынан айырмай жазаға кесілген немесе мерзімінен бұрын бас бостандығынан шектеу жазасына ауыстырылған сотталғандарды бақылап ғана қоймай, оларды еркін өмірге бейімделуге, жұмысқа орналасуына, білім алуына көмектесу,– дейді Жаалағаш аудандық ПҚ-ның инспекторы әділет аға лейтенанты Еркін Оразалыұлы.


Сурет ҚАЖ департаментінен

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: