Қазақстаннан түрік жұртына көмек ретінде жіберілген киіз үйлер тиелген 8 автоколонна Инджирлик әуе базасынан Кахраманмарашқа қарай жол тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарттың Түркиядағы арнаулы тілшісі.
«Зілзаладан зардап шеккен түрік жұрты киіз үйлерді асыға күтуде. Себебі бұл өңірдегі тұрғындардың басым бөлігі баспанасыз қалды», - деді ҚазАқпарат тілшісі.
Тілшінің хабарлауынша киіз үйлермен қоса Қазақстан жіберген гуманитарлық жүктер бар.
Сурет ашық дереккөзден алынды.