Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарының басшыларымен кеңесте «Заң және Тәртіп» қағидатын ұстану қоғамның идеологиялық және саяси нұсқаулығына айналуы қажет екенін атап өтті. Президент: «Әділетті Қазақстан – Заң мен Тәртіп үстемдік құратын ел» деген болатын.
Осыған сәйкес бүгін Қызылорда қаласының сол жағалауында орналасқан облыстық Жастар ресурстық орталығында «Заң және тәртіп» атты жастар және азаматтық қоғам өкілдерімен ашық пікір алаңы ұйымдастырылды.
Қызылорда облысының Қоғамдық даму басқармасы, облыстық Әділет департаменті, Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті мен облыстық Полиция департаментінің бірігіп ұйымдастыруымен өткен ашық пікір алыңында спикерлер кәмелетке толмаған жастардың арасындағы құқық бұзылушылықтардың алдын алу, лудомания, қаржы пирамидасы, қаржылық алаяқтықтың алдын алу басқа да тақырыптар бойынша бейне материалдар мен көрнекі ақпараттарды көрсете отырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Шарада облыстық Әділет департаменті басшысының орынбасары Жамбыл Асадинұлы «Заң – тәртіп пен әділеттіліктің негізі» тақырыбында, облыстық Полиция департаменті жергілікті полиция қызмет басқармасының полиция майоры Р. Абдразақова «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу» тақырыбында арнайы баяндамалар жасаса, Жергілікті полиция қызмет басқармасының полиция капитаны С.Күздикенов, Қызылорда облысы адвокаттар алқасының адвокаты Ж. Түменбай, құқық түсіндіру және заң қызметін көрсету бөлімінің басшысы- Ж.Қосбергенова, сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімінің басшысы Ж.Абсат, коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және бақылау бөлімінің басшысы Е.Тажикеновтер қысқаша хабарламалар жасап, жастардың сауалдарына жауап берді.
Қызылорда облысының
Қоғамдық даму басқармасы