Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды

19
0


Әйелін өлтірген бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды.


Қуандық Бишімбаевтың соты бойынша алқабилер үкім шығарды.


Бишімбаев «қинау» (110-баптың 2-бөлігі) және «аса қатігездікпен адам өлтіру» (99-баптың 2-бөлігі) баптарымен сотталғанын атап өткен жөн.

 Ал Байжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Айта кетейік, бұған дейін жәбірленуші Салтанат Нүкенованың әкесі мен адвокаты Бишімбаевты өмір бойына бас бостандығынан айырады деп болжаған еді.


Сурет  Kazinform

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: