Қала көлемінде сәуір айының 8-10 күндері аралығында «Мигрант» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Жедел-профилактикалық іс-шараны өткізудегі мақсат – қала көлемінде заңсыз көші-қондылық арналарын анықтау және жолын кесу, қоғамдық тәртіпті сақтау, сонымен қатар көші-қондылықты бақылау жұмыстарын жүзеге асыру кезінде құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға жол бермеуге бағытталған кешенді шаралар қабылдау.
Қалалық полиция басқармасының мәліметінше, іс-шара барысында қала аумағына келген шетелдіктердің көші-қон заңнамаларын бұзу деректерін анықтау, оларды әкімшілік жауапкершіліктерге тарту, іздеуде жүрген қылмыскерлерді анықтау мақсатында шетелдіктердің уақытша тіркелген мекен-жайларын, салынып жатқан құрылыс нысандары, базарлар мен дәмханалар тексеріліп, рейдтік іс-шаралар жүргізілуде. Іс-шараның бір күнінде 52 заң бұзушылық анықталды.
Нәтижесінде Көші-қон заңнамаларын бұзған ҚР ӘҚБтК-нің 517 бабымен (Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы) 6 шетелдік анықталған. Сонымен бірге ҚР ӘҚБтК-нің 518 бабымен (Шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамадарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың ҚР-ның халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы) 12 ҚР азаматы және ӘҚБтК-нің 519 бабы (Шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп келушілерді ҚР заңнамасын бұза отырып тарту, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР еңбек қызметін заңсыз жүзеге асыруы) бойынша 2 ҚР азаматына әкімшілік шара көрілді.
Осы орайда аталған бағыттағы жұмыстарды жандандыру үшін көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері нақты тапсырмалар бойынша тиісті ұйымдастырушылық шаралар қабылдауда. Бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табады.
Сурет ашық дереккөзден алынды.