Мемлекет басшысы былтыр сәуірде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойып, 1 шілдеден бастап Қазақстанда жылжымайтын мүлікті тіркеудің жаңа ережелері күшіне енді. Бұл өзгерістер жылжымайтын мүлікке құқықтарды құқықтық кадастрда жүйелі тіркеуге қатысты болмақ. Оған мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі базаларының бірлестігі көзделген бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүліктің кадастры жүйесі енгізіледі.
Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүліктің кадастрында жер учаскелерін ұсынудан бастап жылжымайтын мүлік объектілеріне барлық құжаттарды рәсімдеумен аяқтай отырып, барлық қызметтерді көрсету көзделген. Яғни, жер мен жылжымайтын мүлікті есепке алу жүйесі біріктірілген.
Енді мемлекеттік акті мен техникалық паспорт біріктіріліп, орнына бірыңғай кадастрлық паспорт қолданылады. Жүйенің басты ерекшелігі – артық құжаттар талап етілмейді (талдау актісі, жерге орналастыру жобасы, комиссия хаттамасы).
Осы заңмен «Жылжымайтын мүліктің кадастрлық паспорты» ұғымы енгізілді. Бұрын жер учаскесінің акт және жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспорты болған, енді осының бәрі жылжымайтын мүліктің кадастрлық паспортына біріктірілген. Бұл электронды түрде жасалады, ол құжат айналымын жеңілдетеді және алу мерзімі де қысқарады.
Кадастрлық паспорттың электрондық форматында қосымша мәліметтер енгізіледі, жер учаскелерін нақтылау және аймақтарға бөлу көзделген. Сонымен қатар, заңда жер учаскесі туралы жан жақты ақпараттар алуға болатын жер, ресурстық және қала құрылысы кадастрлары мәліметтерінің болуын көздейтін жария цифрлық карта енгізіледі. Жер учаскелерін беру тәртібі – электрондық тәртіп және электрондық аукциондар мен конкурстар өзгеруде. Енді конкурстар мен аукциондар электрондық форматқа көшеді.
Мұнан басқа жер учаскелері электрондық нысанда берілетін болады. Жер учаскелерін беру тәртібін көздейтін Жер кодексінің 44-2 бабы енгізіледі. Жер учаскелеріне құқық беру мерзімі де өзгереді.
Тек жылжымайтын мүлікті шілдеден бастап рәсімдегенде немесе қайта тіркегенде ғана жаңа құжат алатын болады. Жер учаскелері жай ақпарат та қол жетімді болады, азаматтар egov.kz порталы арқылы бос жер телемдері жайлы мәлімет алып, аукционда сатып ала алады. Жеке тұрғын үй құрылыс үшін кезекте тұрған азаматтар да жер телімін жаңа цифрлық жүйе арқылы рәсімдей алатын болады.
Жер учаскелерін беру жөніндегі қызметтерді цифрландыру мәселесіне енгізілген өзгерістер жер қатынастарындағы сыбайлас жемқорлық көріністеріне кедергі келтіреді, мерзімдерді қысқартады, құжат айналымын жеңілдетеді.
Заңға енгізілген өзгерістер жер учаскелерін беруде ашықтықты жүзеге асырады.
А. Алибекова,
Қызылорда облысының Әділет департаменттің бас маманы.