22 сәуірден, яғни, бүгіннен бастап республика көлемінде ҚР Ішкі істер министрлігінің бастамасымен қару сатып алу бойынша кезекті акция өткізіледі.
Акцияның негізгі мақсаты – азаматтардан заңсыз сақталған қару-жарақтар мен оқ-дәрілерді өтемді түрде қабылдау.
Қаруды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.
Алынған қарудың түріне және техникалық жай-күйіне байланысты сыйақы тағайындалады.
ҚР Ішкі істер министрлігінің бұйрығына сәйкес бір айлық есептік көрсеткіштің 10-нан 100-ге дейінгі мөлшерінде сыйақы тағайындалады.
Осы орайда облыстық полиция департаменті мамандары қала тұрғындарын тіркеуде жоқ заңсыз сақтаудағы қаруларды, жарылғыш заттарды полиция бөлімдеріне өткізіп, қарумен жасалатын қылмыстардың және төтенше оқиғалардың алдын алуда өз үлестерін қосуға шақырады.
Сурет ашық дереккөзден алынды