Кәмелетке толмағандардар арасында құқықбұзушылықтың алдын алуға арналды

7
0


Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ұйымдастыруымен «Абылай хан» жоғарғы колледжінің студенттерімен кездесу өтті.

Кездесуге судья З.Абылайқызы мен сот әкімшісінің бас маман-сот отырысының хатшысы А.Нұрғалиев қатысты.

Кездесудің мақсаты – кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу.

Кездесу барысында судья З.Абылайқызы Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабы бойынша кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болмауы және кәмелетке толмағандардың жасайтын бұзақылықтары, оның алдын алу туралы баяндама жасады. 

Шара барысында мамандар тарапынан жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың, қылмыстың алдын алу жөнінде жан-жақты түсіндірілді.

Кездесу соңында колледж студенттері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып,  құқықтары мен міндеттері жайлы мәлімет алды.


Сурет облыстық соттан


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: