Қызылорда облыстық сотында кассациялық сот құру мәселелерін талқылауға арналған жиын өтті.
Жиынға қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ж. Бекжанов, облыстық соттың судьялары, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары, сот жүйесінің ардагерлері қатысты.
Алқа төрағасы Ж. Бекжанов жиынды ашып, азаматтардың құқықтарын сапалы қорғауды қамтамасыз ету үшін жекелеген кассациялық соттар құрудың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, сот жүйесінде дербес кассациялық инстанция құру заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтаудағы тиімді жол болып табылатынын, сот төрелігінің сапасын және азаматтардың соттарға деген сенімін арттыруға ықпал ететінін атап өтті.
Жиынға қатысушылар кассациялық инстанция құруға қатысты өз пікірлерін ортаға салып, ұсыныстарын білдірді.
Айта кету керек, осы тақырыптағы дөңгелек үстелдер Қызылорда қалалық, Жаңақорған, Жалағаш, Шиелі аудандық соттарында да өткізіліп, адвокаттар мен нотариустар қатысып, кассациялық инстанция құрудың маңыздылығы талқыланды.
Сурет облыстық соттан