Сертіне адал сақшы

5
0


Елімізде тұрақты әрі қауіпсіз қоғам құруда полиция қызметкерлерінің еңбегі орасан зор. Түнгі ауысымға шығу, әрдайым байланыста болу, жұмыс кестесінің ауырлығы, өміріңді қатерге тігу – сақшы өмірінің ажырамас бөлігі.

Соған қарамастан қызығы мен шыжығы мол мамандықты таңдаушылардың қатары сиреген емес. 

Адамдар қандай да бір қауіпті жағдайға ұшырап қалса, құзырлы органдарға хабарласып, полиция қызметкерлерінен көмек сұрайды. 

Тәртіп сақшыларының жұмыс күні телефонның шырылы мен рацияның үнінен басталды. Толассыз түсіп жатқан коңыраулар мен рациядан келген хабарлар полицияның жұмысы оңай емес екенін ұқтырады. Тізе берсең көбейе беретін олардың бір тәуліктегі жұмысының жауапкершілігін бірі білсе, бірі білмейді. 

Бүгінгі жарияланым, айтып өткендей сол толассыз қоңыраулар мен рациядан түсетін хабарламалар бойынша әркезде тиісті шешім қабылдап, өз ісіне мығым, қызметіне аса жауапкершілікпен қарайтын Арал ауданы полиция бөлімі  жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Ермек Жайбергенұлы Баймағамбетов жайлы болмақ.

Ермек Жайбергенұлы Ішкі істер органдарындағы қызметін 2014жылдың тамыз айынан бөлімнің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторынан бастаған. Қазіргі лауазымында 2015 жылдан бастап қызмет атқарып келеді. 

Ол әркез үлкенге ізеттілік, кішіге қамқорлық көрсететін жандандардың қатарында.Ұжымда беделді, бөлімнің қоғамдық жұмыстарында белсенділік танытып, жас қызметкерлерлерге бағыт бағдар беруден еш жалықпайды. Ермек Жайбергенұлы қызметте жауапкершілігі мол, ізденімпаз, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары қызметкер болса,  отбасында үлгілі әке, жұбайы Венера Мұратқызы Сейітова екеуі бес бала тәрбиелеп отырған асыл жар, өнегелі отағасы.

Ермек Жайбергенұлы қызметін адал атқарып, уақытпен санаспай, жоғары көрсеткіштерге ие болғаны үшін 7-мамыр «Отан қорғаушылар күні» мерекесіне орай ҚР ІІМ-нің бұйрығымен «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды. 

Мұны салада атқарған көп еңбегінің тағы бір нәтижесі деп айтуға болады.

    Бұл марапат маған емес, бекітілген учаскелік аймақта күндіз-түні көз ілмей, тәулік бойы қоғамдық тыныштықты сақтау, қылмысты болдырмау және алдын алу бағытында жұмыс атқаратын әріптестерімнің марапаты деп қабылдаймын. Еңбегімнің еленгені мен үшін қуаныш, зор мәртебе, –дейді ол.

Ендеше  полиция капитаны Ермек Жайбергенұлын марапатымен біз де құттықтап, деніне саулық, отбасына құт-береке, қызметіне табыс тілейміз!



Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: