«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

15
0

Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігінің нұсқауына сәйкес 1- 4 сәуір күндері аралығында Қызылорда қаласы аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс шарасы өтуде. 

 Іс-шараның мақсаты – көшелер мен қоғамдық орындарда тиісті құқықтық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды ашу және жолын кесу, сондай-ақ жол қауіпсіздігін сақтауды қадағалау.

Қызылорда қалалық полиция басқармасының мәліметінше, «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасының бір күнінде 303 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Оның ішінде, қоғамдық орында спирт ішімдігін ішу – 14, ұсақ бұзақылық – 5, масаң күйде автокөлік басқарудың 1 дерегі анықталған. Оған қоса қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 45 жүргізуші тартылған және мемлекеттік немесе міндетті техникалық қарап-тексеруден өтпеген 9 автокөлік белгілі болды.

Сонымен қатар  27 автокөлік айып тұрағына қойылса, 26 автокөліктің мемлекеттік белгісі шешіліп, әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының тәртіп сақшылары қоғамдық тәртіптің бұзылуына жол бермеу үшін тиісті заң аясында бақылауды күшейтуде. Жол ережелеріне бағынбаған немесе қылмыс жасаған азаматтар құқықтық жауапкершіліке тартылатынын ескертеді.


Сурет Қызылорда қалалық полиция басқармасынан


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: