Әскери-техникалық мектепте құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізілді

11
0


Қазақстан Республикасы Қорғаныс минстрлігінің 2022-2025 жылдарға арналған «Өмірді сақта» ведомствоааралық бағдарламасының және Қызылорда гарнизонының әскери бөлім командирлері мен мекеме басшыларымен құқық бұзушылық профилактикасы бойынша өзара іс-қимылды нығайту, оқиғалар мен құқықбұзушылықтардың алдын алу туралы осы жылға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес, 15 мамырда әскери-техникалық меткепте құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 

Қызылорда гарнизонының әскери прокуратурасының аға прокуроры әділет полковнигі Р.Абдіхайымов, әділет лейтенанты С.Тельмухамет әскери-техникалық мектептің жеке құрамымен және оқып үйренушілерге құқықтық мәдениетті қалыптастыру бағытында профилактикалық құқықтық түсіндірме жұмыстарын өткізді.

Кездесудің мақсаты – қылмыс пен әкімшілік құқық бұзушылықты болдырмау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту, сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен мәдениетті арттыру. 

Іс-шараға барлық санаттағы қызметкерлер мен оқып-үйренушілер қатысты. Кездесу барысында Қызылорда гарнизонының әскери прокуратурасының өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптастырудың маңызын, бұзақылық, ұрлық, сеніп тапсырылған мүліктерді талан-таржаға салу немесе жымқыру,  сыбайлас жемқорлық фактілерін хабарлау мен жемқорлық тәуекелдерінің алдын алудың өзектілігін түсіндіріп, әскери прокуратура мен әскери полицияға деген сенімді арттыруға үлес қосуға және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге шақырды.         

Сонымен бірге, жеке құрамға осы жылдың сәуір айына дейінгі әскери қызметшілер тарапынан орын алған қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылық бойынша Қазақстан Республикасының атынан шығарылған Үкімдер мен сот қаулылары  жан- жақты жеткізілді.


Бақтияр Дәуренқұлов, майор,

Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі

әскери полиция бөлімшесінің бастығы.


Сурет Қоғамдық даму басқармасынан


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: