Мемлекеттік сатып алу бойынша заң нормалары талқыланды

2
0


Жуырда Қызылорда облыстық сотында мемлекеттік сатып алу саласындағы істерді қарау мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті. 

Дөңгелек үстел отырысына әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ж.Оспанова, алқа судьялары, Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы мен судьялары, жеке кәсіпкерлер, облыстық кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері және облыстық ішкі аудит департаментінің өкілдері қатысты.

Шараны алқа төрағасы Ж.Оспанова ашып, қатысушыларды күн тәртібімен таныстырып, көтеріліп отырған мәселелердің өзектілігіне тоқталды. 

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы Г.Мырзатаева мемлекеттік сатып алу заңнамасын қолдану ерекшеліктерін атап өтіп, мемлекетік сатып алу саласындағы дауларды қарау кезінде туындайтын мәселелерге жан-жақты талдау жасады. Қызылорда облысы бойынша ішкі аудит департаментінің бас маманы Ә.Ұзақбаев заң нормаларына түсіндірме жасап, мемлекеттік сатып алу саласында жиі орын алатын кемшіліктерді саралап өтті. 

Дөңгелек үстел соңында қатысушылар өзара пікір алмасты. 

Сурет Қызылорда облыстық сотынан

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: