Референдум

Ашық есік күні өтті

44
0


Бүгін Қаржы мониторингі агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Заң және тәртіп» апталығы аясында ашық есік күні  өтті. Оған ардагерлер, белсенді жастар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Шараның басты мақсаты – қоғаммен ашық әрі сенімді байланыс орнатып, департаменттің қызметі, міндеттері және заманауи тәсілдерімен таныстыру. Қатысушылар интернет-алаяқтық, қаржы пирамидалары, «дропперлік» қылмыстар сынды жаңа сипаттағы қаржылық құқықбұзушылықтармен күресте қолданылатын заманауи әдіс-тәсілдер туралы тың ақпарат алды.

Бас қосуда облыс бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Руслан Сатыпалдиев сөз сөйлеп, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай журналистерге алғыс айтып, марапаттар табыстады. Аналитикалық талдау бөлімінің басшысы Қайрат Ахметов салада атқарылған жұмыстарды баяндап, бейнематериал көрсетті. Онан бөлек, сала ардагерлері сөз сөйлеп, тақырыпқа байланысты  ойларын ортаға салды.     

Шара барысында қатысушыларға арналған шағын интерактивті ойын ұйымдастырылып, қаржылық сауаттылық тақырыбына арналған аналитикалық, практикалық және мотивациялық сұрақтар қойылып, қатысушылар пікірталасты.

Кеш соңында ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға алғыс айтып, қоғамның ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде бұқаралық ақпарат құралдарымен және жастармен бірлескен жұмысты жалғастыруға ниетті екендерін жеткізді.


Сурет Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінен

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: