Тарихты құрметтеу - парыз

1
0


Мемлекеттік қызметшілер де тарихымызды терең біліп, ұлт құндылықтарына құрметпен қарауы тиіс. Осы мақсатта Сот Әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілінің ұйымдастыруымен сот қызметкерлері арасында түрлі іс-шаралар өткізіліп тұрады. 

Сондай шаралардың бірі Сот Әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілінің ұйымдастыруымен Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханада тарихи-танымдық іс-шара өтті.

Тағылымды шараға Департамент басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі уәкіл М.Асанова, тарих ғылымдарының докторы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің қауымдастырылған профессоры міндетін атқарушы, аға оқытушысы Т.Сатбай және сот жүйесіне жаңадан қызметке орналасқан жас мемлекеттік қызметшілер қатысты.

Негізгі мақсат – жас мемлекеттік қызметшілердің бойында патриоттық сезімін қалыптастыру, тарихи таным мен білімді жетілдіру.

Департамент басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі уәкіл М.Асанова қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінің маңыздылығына тоқталып, мемлекеттік қызметшілер тарихымызды тереңнен біліп, белсенді және жан-жақты болу керектігін атап өтті.

Тарих ғылымдарының докторы Т.Сатбай қуғын-сүргін жылдарының тарихын, ұлт қайраткерлерінің тағдыры туралы кеңінен баяндап, бұл күннің қазақ халқы үшін айрықша маңызға ие екенін, қазақ зиялыларының есімдерін ұмытпау керектігін жас мемлекеттік қызметшілердің назарына жеткізді.

Сонымен бірге, сот қызметкерлері жазықсыз қуғынға ұшыраған ақын-жазушылардың өлеңдерін мәнерлеп оқып, олардың ішкі толғанысын, ойлары мен армандарын әсерлі түрде жеткізе білді.

Шараға қатысушылар қазақ зиялыларының өмірі мен шығармашылығына арналған бұрышпен танысып, тарих құжаттары мен жәдігерлер туралы мол мәлімет алды.

Өз кезегінде жас мамандар бүгінгі іс-шарадан ерекше әсер алғандарын жеткізіп, мұндай шараларды жиі өткізіп тұру туралы ұсыныстарын білдірді.

Сурет облыстық соттан



Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: