Жасөспірімдер қауіпсіздігі мен саулығына арналды

5
0

Байқоңыр қаласы көпбейінді ауруханасы, ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы өкілдігімен колледж арасындағы есірткі және нашақорлықтың алдын алу профилактикалық шараларының 2023-2024 оқу жылына арналған үш жақты іс-шаралар жоспарына сай «Салауатты өмір салтын ұстанайық!», «Буллингтен қалай қорғану керек?» тақырыптарында колледж білімгерлеріне 22 сәуір күні ақпараттық-танымдық түсіндірме жұмыстары болып өтті.

Шараны Байқоңыр қаласы көпбейінді ауруханасының алдын алу және әлеуметтік – психологиялық көмек көрсету бөлімінің социологы Гаухар Бажиева мен ұйымдастыру әдістемелік және медициналық статистика бөлімінің дәрігері Аружан  Төлеген жүргізді.

Жасөспірімдер арасындағы буллинг – кешенді тәсілді қажет ететін мәселе. Мектептегі қудалаумен бала жалғыз өзі емес, бүкіл тарап – оқушының өзімен қатар ата-ана мен мұғалім де күресуі керек. Буллингке ұшырағандарға айтылатын алғашқы кеңес – маманның көмегіне жүгінген жөн. Психолог бұл мәселелерді жік-жікке бөліп айтып берді.

Буллинг (bullying) – ағылшын тілінен аударғанда, қорлау, қудалау, мазалау дегенді білдіреді. Адамүйде, мектепте, автобуста немесе интернетте, жалпы айтатын болсақ, кезкелген жерде  буллингке ұшырауы мүмкін.

Буллинг онлайн немесе телефон арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Олардың қатарына ренішті хабарламалар мен суреттер, зұлым мінеп-сынаулар жіберу жатады. Бұлардың барлығы кибербуллинг деп аталады.

Егер бала буллинг жағдайына түскенін мәлімдеп берсе, ата- ана сабырлы болып, ашуды көрсетпеуі қажет, өйткені ата- ана ашу мен мазасыздығын байқатуы- әлсіздіктің белгісі. Балаға оны түсінетінін жеткізе отырып оны жұбату қажет. 

Шара барысында мамандар жастар арасында есірткі пайдалануы көбейгенін, нашақорлық өлімге әкелетіні, отбасы мен қоғамға үлкен қауіп тудыратыны туралы айтып өтті. Себебі нашақорлық - бұл адамзат баласының денсаулығы мен еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне төнетін үлкен қатер.

Сонымен қатар, нашақорлықтың, темекі шегу мен алкоголизмнің алдын алу, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Салауатты өмір салтын ұстануда спорттың рөлі зор. Денсаулыққа тек дене шынықтыру арқылы қол жеткізілуге болады. Дене қозғалысы адам ағзасын дамытып, жұмыс істеу қабілетін арттырады, ауруды алыстатып, өмірді ұзартады.

Қорытындылай келе, мамандар білім алушылардың көптеген сұрақтарына жауап беріп, оларды салауатты өмір салтын ұстануға ынталандырды.


Сурет ашық дереккөзден алынды

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: